Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Босаңсымауым керек". Бек Нұрмағанбет алдағы жоспары жайлы тіс жарды

Бек Нұрмағанбет өткен демалыста Сауд Арабиясының өткен ірі бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригесті жеңген болатын. 

"Босаңсымауым керек". Бек Нұрмағанбет алдағы жоспары жайлы тіс жарды
Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтуі мүмкін екені және командасының өзіне қатысты жоспары туралы пікір білдірді.

Жеңіліссіз келе жатқан 28 жастағы боксшының сөзінше, әзірге келесі айқастың нақты күні белгіленбеген. Десе де, командасы өзіне үлкен үміт артып отырғанын айтты.

"Маған әзірге нақты күнді айтқан жоқ. Бірақ олардың маған қатысты үлкен жоспарлары бар. Мұны үнемі айтып жүр. Сондықтан чемпиондыққа дейін осы қарқынды сақтап, босаңсымауым керек", – деді Бек Нұрмағанбет.

Бек Нұрмағанбет өткен демалыста Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен ірі бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригеспен (21-4-1, 10 КО) кездесті.

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді. Раундтың аяқталуына шамамен бір минут қалғанда Нұрмағанбет мексикалық боксшыны нокдаунға түсірді. Ал алғашқы үш минуттықтың соңына санаулы секунд қалғанда сол қолымен қуатты соққы жасап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

"Канелоның" андеркардында өнер көрсетті

Нұрмағанбет бұл жекпе-жекті өзінің спарринг-серіктесі "Канело" Альварес қатысқан титулдық бокс кешінің андеркардында өткізді.

Осы жеңістен кейін Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой рингтегі көрсеткіші 17 жеңіске жетті. Оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?