Мбаппе де, Холанд та емес. Еуропадағы ең жоғары жалақы алатын футболшы аталды
Жуырда ол "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанған болатын.
"Бавария" шабуылшысы Харри Кейн неміс клубымен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартқаннан кейін Еуропадағы ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды. Бұл туралы The Athletic хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, жаңа келісім бойынша ағылшын шабуылшысының жалақысы клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткішке айналады. Сонымен қатар Кейн Еуропадағы ең көп жалақы алатын футболшы мәртебесіне ие болады.
Кейн "Баварияда" 2023 жылдан бері ойнап жүр
33 жастағы шабуылшы мюнхендік клубқа 2023 жылы қосылған.
Осы уақыт аралығында Гарри Кейн:
- Бундеслиганы екі рет жеңді;
- Германия кубогын иеленді;
- ел Суперкубогын екі рет жеңіп алды.
"Алтын допты" да жеңіп алды
2026 жылдың қазанында Англия құрамасының капитаны "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанды.
Transfermarkt порталы Гарри Кейннің қазіргі нарықтық құнын 60 миллион еуроға бағалайды.
Осылайша, жаңа келісім Кейннің "Бавариядағы" мәртебесін одан әрі күшейтіп, оны Еуропадағы ең қымбат жалақы алатын ойыншы деңгейіне шығарды.