Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Карина Ибрагимованың жекпе-жегінде сенсация тіркелді

Таразда бокстан өтіп жатқан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында күтпеген нәтиже тіркелді.

Карина Ибрагимованың жекпе-жегінде сенсация тіркелді
instagram.com/karina__ibragimova/

Күтпеген жеңіліс

Әйелдер арасындағы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының өкілі Карина Ибрагимова мен Алматы қаласының боксшысы Шахназ Исаева финал жолдамасын сарапқа салды.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте екі боксшы да жеңіске жету үшін барын салды. Нәтижесінде төрешілердің пікірі екіге бөлініп, 3:2 есебімен Шахназ Исаева жеңімпаз атанды.

Осылайша алматылық боксшы тәжірибелі қарсыласын сенсациялық түрде жеңіп, Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды. Ал Карина Ибрагимова жарысты қола медальмен аяқтады.

Титулды боксшы финалдан тыс қалды

Карина Ибрагимова – Қазақстан әйелдер боксының танымал өкілдерінің бірі.

Оның халықаралық аренадағы басты жетістіктері:

  • 2022 жылғы Азия чемпионы;
  • 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері;
  • Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Осындай мол тәжірибесі мен халықаралық жетістіктеріне қарамастан, Ибрагимова биылғы ел біріншілігінің шешуші жекпе-жегіне өте алмады. Ал Шахназ Исаева үшін бұл жеңіс Қазақстан чемпионатындағы маңызды жетістіктердің бірі болды.

Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында ұйымдастырылып жатыр. Жарыс Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен өтуде. Әйелдер он салмақ дәрежесі бойынша ел чемпионы атағын сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?