Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан чемпионы алтынсыз қалды

Таразда бокстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы аса ауыр салмақ дәрежесінің финалисі анықталды.

Қазақстан чемпионы алтынсыз қалды
vesti.kz

Бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде екі атақты боксшы шаршы алаңға шықты. Алматы намысын қорғаған Елдана Тәліпова Ақмола облысының өкілі Валерия Аксеновамен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қос боксшы да жеңіске жету үшін барын салды. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімі екіге бөлініп, 4:1 есебімен Елдана Тәліпова жеңімпаз атанды.

Бұл кездесудің басты ерекшелігі – екі боксшы да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Елдана Тәліпова 2024 жылы Азия чемпионы атанған. Сонымен қатар 2025 жылы IBA және World Boxing ұйымдары ұйымдастырған әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды.

Ал оның қарсыласы Валерия Аксенова 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар 2026 жылы бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңінде топ жарған.

Сөйтіп халықаралық аренада жетістікке жеткен екі боксшының текетіресінде Тәліпованың мерейі үстем болды.

Еске салайық, 2026 жылғы бокстан Қазақстан чемпионаты Таразда 6 қарашаға дейін жалғасады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?