Төрехан Сабырхан ұлттық құрамадаға болашақ бәсекелестеріне баға берді
20 жастағы боксшы Азия ойындарынан кейін қысқа үзіліс алған болатын.
2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы Төрехан Сабырхан құрлықтық додадан кейінгі дайындығы, Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты және 70 келіге дейінгі салмақтағы болашақ бәсекелестері туралы пікір білдірді.
20 жастағы боксшы Азия ойындарынан кейін қысқа үзіліс алғанын, қазір жаттығуға қайта кіріскенін айтты.
Сабырханның сөзінше, Тараздың Шымкентке жақын орналасуы оның ел чемпионатын тамашалауға келуіне себеп болған.
"Азия ойындарынан кейін аздап демалдым. Қазір жаттығуды қайта бастадым. Тараз Шымкентке жақын болғандықтан, Қазақстан чемпионатын көріп қайтуды жөн санадым. Қызықты жекпе-жектер өтіп жатыр. Тимур Нұрсейітовке жанкүйер болуға келдім", – деді Төрехан Сабырхан.
70 келідегі қарсыластарын бақылап жүр
Төрехан Сабырхан өзі өнер көрсететін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жекпе-жектерін де бақылаған.
"70 келіге дейінгі салмақтағы жігіттерді көрдім. Бұрынғы боксшылардың бәрі бар. Енді алдағы уақытта оқу-жаттығу жиындарындағы спаррингтерде кездесеміз", – деді Азия ойындарының чемпионы.
Осылайша, Сабырхан ұлттық құрамадағы орын үшін бәсеке алдағы оқу-жаттығу жиындарында жалғасатынын аңғартты.