Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде тағы бір сенсация жасады

Ченнаидағы WTA 250 турнирі хард төсенішінде 2–8 қараша аралығында өтеді.

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде тағы бір сенсация жасады
sportnews.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда Жапония өкілі, рейтингтің 282-сатысындағы Мэи Ямагучиді жеңді. Кездесу екі сағатқа созылып, Жібек Құламбаеваның жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 6:4, 7:5. 

Отандасымыз бұған дейінгі іріктеу кезеңінің финалында да Ямагучимен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Құламбаева бір турнирдің өзінде жапониялық қарсыласын екі рет жеңіп, рейтингте өзінен жоғары тұрған теннисшіні жарыстан шығарды.

Келесі қарсыласы – Маи Хонтама

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін Жапонияның тағы бір өкілі Маи Хонтамамен кездеседі. Хонтама WTA рейтингінде 160-орында тұр.

Ченнаидағы WTA 250 турнирі хард төсенішінде 2–8 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 283 347 долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?