Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Луис Энрике Зиданның рекордына көз тікті

Жуырда ПСЖ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Вильярреалды" 6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. 

Луис Энрике Зиданның рекордына көз тікті
sportnews.kz

"ПСЖ" бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда "Вильярреалды" 6:0 есебімен жеңгеннен кейін команданың басты мақсатын атады.

Париждік клубтың көздегені – Чемпиондар лигасының трофейін тағы да жеңіп алу.

"ПСЖ" бірінші таймның өзінде төрт гол соқты

"Вильярреалға" қарсы кездесуде "ПСЖ" алғашқы таймның өзінде төрт рет мергендік танытты. 

Гол авторлары: 

Матчтан кейін испаниялық маман команданың жалпы кезеңдегі нәтижесіне емес, турнирдің соңғы мақсатына көбірек мән беретінін айтты.

"Төрт матчта 20 гол соққанымыз ештеңені білдірмейді. Мадридтегі финалда бір ғана жеңімпаз болады, біздің мақсатымыз – сол жерде чемпион атану. Бұған дейін де жалпы кезең қорытындысы бойынша үздік сегіздікке кірмей тұрып, трофей жеңіп алғанбыз", – деді Луис Энрике.

"ПСЖ" жалпы кестеде көш бастап тұр

Чемпиондар лигасының төрт турында "ПСЖ" 12 ұпай жинап, жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына шықты.

Ал "Вильярреал" үш ұпаймен 29-орында тұр.

Зиданның тарихи сериясы әлі қайталанған жоқ

Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңген соңғы клуб – Зинедин Зидан басқарған мадридтік "Реал".

Испаниялық клуб турнирде үш маусым қатарынан топ жарды:

  • 2016 жылы "Реал" финалда "Атлетиконы" пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңді. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды.
  • 2017 жылы мадридтіктер "Ювентусты" 4:1 есебімен жеңді.
  • 2018 жылы "Реал" "Ливерпульден" 3:1 есебімен басым түсіп, үшінші рет қатарынан трофей иеленді.

Осылайша Зидан Чемпиондар лигасы қазіргі атаумен өткізіле бастаған 1992/93 маусымынан бері турнирді қатарынан үш рет жеңген алғашқы бапкер атанды. Әзірге бұл жетістікті ешбір команда қайталай алған жоқ.

Енді Луис Энрике бастаған "ПСЖ" Еуропадағы үстемдігін жалғастырып, Зиданның "Реалмен" жасаған тарихи сериясына жақындауды көздейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?