Жәнібекпен жекпе-жегі өтпей қалған әлем чемпионына жаңа қарсылас табылды
Эрисланди Лара соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында Сан-Антониода өткізіп, Йохан Гонсалесті үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Австралиялық боксшы Тим Цзю 12 желтоқсанда Голд-Кост қаласында кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі. Жекпе-жекте орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.
Лара чемпиондық белбеуін бесінші рет қорғайды
43 жастағы Эрисланди Лара WBA чемпиондық атағын бесінші рет қорғауға шығады.
Сонымен қатар кубалық боксшы соңғы 18 жылда алғаш рет АҚШ аумағынан тыс жерде жекпе-жек өткізбек.
Ал 32 жастағы Тим Цзю жеңіске жеткен жағдайда екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болады.
Чарло да осы бокс кешінде жұдырықтасады
Голд-Косттағы бокс кешінің қосалқы жекпе-жектерінің бірінде бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарло австралиялық Брок Джарвиспен кездеседі.
Сондай-ақ ресейлік Эльнур Самедов екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA белбеуін міндетті үміткер Лиам Уилсонға қарсы қорғайды.
Тим Цзю соңғы жекпе-жегінде Эррол Спенсті жеңді
Тим Цзю соңғы рет биыл шілде айында Сиднейде шаршы алаңға шықты. Австралиялық боксшы америкалық Эррол Спенсті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Осы кездесуден кейін Спенс кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтайтынын жариялады.
Ал Эрисланди Лара соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында Сан-Антониода өткізіп, Йохан Гонсалесті үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Лара бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталып, кездесу тоқтатылды.