Азия чемпиондары Қазақстан чемпионатының финалы үшін жұдырықтасты
Таразда өтіп жатқан ел біріншілігінде Виктория Графеева мен Римма Волосенко өзара мықтыны анықтады.
Қазақстанның танымал боксшылары Виктория Графеева мен Римма Волосенко Таразда өтіп жатқан ел чемпионатының жартылай финалында кездесті.
Әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Графеева айқын басымдық танытып, финалға жолдама алды.
Графеева 5:0 есебімен жеңіске жетті
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Виктория Графееваға берді. Есеп – 5:0.
Осы нәтиженің арқасында ол Қазақстан чемпионатының финалына шығып, енді алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Ал Римма Волосенко 2026 жылғы ел чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Екі боксшы да Азия чемпионы
Виктория Графеева – 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері.
Римма Волосенко болса, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстан чемпионатын бірнеше рет жеңіп алған тәжірибелі спортшы.
Айта кетейік, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Тараз қаласында өтіп жатыр. Жарыс 6 қарашада мәресіне жетеді.