Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сенсация! Даниял Сәбит ел чемпионы атағын қорғай алмады

Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Жамбыл облысының өкіліне берді. 

Сенсация! Даниял Сәбит ел чемпионы атағын қорғай алмады
qazsporttv.kz

Бокстан Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында ерлер арасындағы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күтпеген нәтиже тіркелді.

Батыс Қазақстан облысының өкілі Даниял Сәбит Жамбыл облысының атынан сынға түскен Нұрзат Оңғаровпен кездесіп, финал жолдамасы үшін жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі екіге жарылды.

Нұрзат Оңғаров 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Ал Даниял Сәбит жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Енді Нұрзат Оңғаров алтын медаль үшін Жетісу облысының өкілі Диас Берікбаймен жұдырықтасады. Осылайша, 50 келіге дейінгі салмақта жаңа Қазақстан чемпионы анықталады.

Айта кетейік, Даниял Сәбит былтыр Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Алайда биыл ол жартылай финалда жеңіліп, ел чемпионы атағын қорғай алмады.

Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6 қарашада аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?