Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Сені зейнетке жіберемін": Сұлтан Зәуірбек Ломаченконы айқасқа шақырды

Қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық атағы үшін жұдырықтасуға дайын екенін білдірді. 

"Сені зейнетке жіберемін": Сұлтан Зәуірбек Ломаченконы айқасқа шақырды
sportarena.kz

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (21-0, 14 КО) үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған украиналық Василий Ломаченкоға (18-3, 12 КО) жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасады.

Қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық атағы үшін жұдырықтасуға дайын екенін білдіріп, Ломаченконың кәсіпқой бокстағы мансабын тоқтатынын мәлімдеді.

"Сені зейнетке жіберемін"

Зәуірбектің мәлімдемесіне Ломаченконың кәсіпқой боксқа қайта оралатыны туралы ақпарат себеп болған.

Қазақстандық спортшы Instagram Stories парақшасында Top Rank промоутерлік компаниясының украиналық боксшымен жаңа келісімшартқа арналған постерін жариялап, қазақ және ағылшын тілдерінде үндеу қалдырды.

"Менің салмағыма бекер келдің, Лома. Сені зейнетке жіберемін! Енді IBF титулы үшін жекпе-жекке келіс!" – деп жазды Зауырбек.

Сұлтан Зәуірбек 59 келіге дейінгі екінші жартылай жеңіл салмақта IBF чемпиондық белбеуіне үміткер.

2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандық боксшы аустралиялық Джексон Инглендті жеңген. Бастапқы ақпаратқа сәйкес, осы жеңістен кейін ол IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер мәртебесіне ие болған.

Зәуірбек кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ. Оның еншісінде 21 жеңіс бар, соның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Василий Ломаченко кәсіпқой бокста үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Украиналық боксшының көрсеткіші – 18 жеңіс, 3 жеңіліс. Оның 12 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?