Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бокстан ел чемпионатында барлық финалдық жұп анықталды

Таразда ерлер 10 салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атағына таласады. 

Бокстан ел чемпионатында барлық финалдық жұп анықталды
instagram/@nurbek_mursal

Финалда кімдер жұдырықтасады?

Ұлттық біріншіліктің алтын жүлдесі үшін кездесетін боксшылардың толық тізімі:

  • 50 кг Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) — Диас Берікбай (Жетісу облысы)
  • 55 кг Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Бексұлтан Хұжанжар (Шымкент)
  • 60 кг Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Әділбек Қожахан (Жетісу облысы)
  • 65 кг Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) — Абзал Серік (Шымкент)
  • 70 кг Фарух Тоқтасынов (Алматы) — Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы)
  • 75 кг Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) — Нұрбек Мұрсал (Алматы)
  • 80 кг Санжарәлі Бегалиев (Шымкент) — Өнер Сейілхан (Батыс Қазақстан облысы)
  • 85 кг Темірлан Мұқатаев (Астана) — Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы)
  • 90 кг Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)
  • 90 кг + Данияр Рахимбердинов (Алматы)  — Ерсұлтан Сапар (Алматы)

Финалдық жекпе-жектер қашан өтеді?

Алтын медаль үшін айқастар 6 қарашада өтеді. Сол күні ерлер арасындағы он салмақ дәрежесінің чемпиондары анықталады.

Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында ұйымдастырылып отыр. Ел біріншілігіне Қазақстанның 20 өңірінен 369 боксшы қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?