Сұлтанбек Айбарұлы қарсыласын нокаутқа түсірді
Алматы облысының боксшысы Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында астаналық Тимур Нұрсейітовты нокаутпен жеңді.
Алғашқы раундта есе жіберіп, жекпе-жек барысын өзгертті
Нұрсейіта айқастың басында басымдық танытып, бірінші раундты өз пайдасына аяқтады. Бірақ екінші раундта Айбарұлы қарқынын арттырып, таразы басын теңестірді.
Шешуші үшінші раундта Алматы облысының өкілі қарсыласын таза нокаутқа түсірді. Осылайша Сұлтанбек Айбарұлы ел біріншілігінің финалына жолдама алды.
Тимур Нұрсейітов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстан чемпионаты қашан аяқталады?
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтіп жатыр.
Турнирде барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер де, әйелдер де он салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?