Азияның екі дүркін чемпионы ел біріншілігінде мықтылығын дәлелдеп, финалға шықты
Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекенмен кездесіп, финал жолдамасы үшін жұдырықтасты.
Бокстан Таразда өтіп жатқан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті.
Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекенмен кездесіп, финал жолдамасы үшін жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан Алтынбек 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды.
Ал Нұрислам Бекен ел біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Алтынбек – Азияның екі дүркін чемпионы
Нұрсұлтан Алтынбек бұған дейін жастар арасында екі рет Азия чемпионы атанған.
Енді ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Қазақстан чемпионатына 369 боксшы қатысып жатыр
2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Тараз қаласында 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтіп жатыр.
Биылғы жарысқа елдің 20 өңірінен 369 боксшы қатысуда. Медальдар ерлер арасында он салмақта және әйелдер арасында да он салмақ дәрежесінде сарапқа салынып жатыр.