Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дәулет Дәукенов Болгариядағы айқас алдында қарсыласымен көз арбасты

Дәулет Дәукенов пен Йосиф Панов арасындағы айқас 8 қарашада Болгарияның Плевен қаласында өтеді.

Дәулет Дәукенов Болгариядағы айқас алдында қарсыласымен көз арбасты
meta-ratings.kz

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (18-2, 8 КО) Болгарияға барып, алдағы жекпе-жектегі қарсыласы Йосиф Пановпен (28-4, 14 КО) алғаш рет бетпе-бет кездесті.

Боксшылардың дәстүрлі көз арбасу рәсімінің видеосын жекпе-жекті ұйымдастырушылардың бірі Instagram желісінде жариялады.

Жекпе-жек 8 қарашада өтеді

Дәулет Дәукенов пен Йосиф Панов арасындағы айқас 8 қарашада Болгарияның Плевен қаласында өтеді. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке кәсіпқой рингтегі 19-шы жеңісіне қол жеткізу мақсатымен шығады.

Дәулет Дәукенов бұған дейінгі жекпе-жегін 18 сәуірде Прагада өткізді. Сол кездесуде ол словак боксшысы Лукаш Пасторекті (4-4, 1 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Дәукеновтің кәсіпқой бокстағы қазіргі көрсеткіші – 18 жеңіс, 2 жеңіліс. Оның сегіз жеңісі нокаутпен аяқталған.

Йосиф Панов та соңғы рет сәуір айында шаршы алаңға шыққан.

Болгариялық боксшы туған қаласында венесуэлалық Хоникер Товармен (24-9-1, 19 КО) кездесіп, қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді.

Панов кәсіпқой мансабында 28 рет жеңіске жеткен, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?