Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингті дүр сілкіндірді

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатындағы күміс жүлдесінен кейін әлемдік рейтингте үлкен серпіліс жасады.

Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингті дүр сілкіндірді
instagram.com/kazwrestling_official/

Әлемнің үздік үш балуанының қатарына кірді

Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 74 келі салмақ дәрежесіндегі балуандардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқожа Қайпанов бірден 25 саты жоғарылап, әлемдік рейтингтің үшінші орнына тұрақтады.

Отандасымыздың еншісінде 48 400 рейтингтік ұпай бар. Осы нәтижесінің арқасында ол 45 480 ұпай жинаған словакиялық Таймураз Салказановты басып озды.

74 келідегі әлемдік рейтингтің көшбасшылары

  1. Иналбек Шериев (Ресей)               55 200 ұпай
  2. Йошиносукэ Аояги (Жапония)       53 400 
  3. Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан)      48 400 
  4. Таймураз Салказанов (Словакия) 45 480

Қайпанов Астанада қалай өнер көрсетті?

Еске салайық, Нұрқожа Қайпанов елордада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Ол финалға дейін төрт қарсыласын тізе бүктірді. Алдымен Косово өкілі Эгзон Хониді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, кейін әзербайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0 есебімен ұтып, жартылай финалда жапониялық Йошиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді. Ал алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде ресейлік Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберді.

Қайпанов еркін күрестен Қазақстанның ерлер құрамасы сапында Астанадағы әлем чемпионатының финалына шыққан жалғыз балуан атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?