Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрқожа Қайпанов Азиада финалына өте алмаса да, жүлдесіз қайтпады

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. 

Нұрқожа Қайпанов Азиада финалына өте алмаса да, жүлдесіз қайтпады
instagram/@kazwrestling_official

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен  Нұрқожа Қайпанов жүлде тағдырын шешкен кездесуде үндістандық Сагар Жагланнан басым түсті. Қазақстандық балуан қарсыласына бірде-бір ұпай бермей, белдесуді 5:0 есебімен аяқтады. Осы жеңістің арқасында өз мансабында алғашқы Азиадада жүлдегер атанды. 

Қазақ балуаны турнирді екі ірі жеңіспен бастады. Бірақ жартылай финалда ирандық қарсыласына есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

  • 1/8 финал: пәкістандық Инаят Уллахты 12:2 есебімен жеңді.
  • Ширек финал: оңтүстіккореялық Хан Дай Гилден 11:0 есебімен басым түсті.
  • Жартылай финал: ирандық Йонес Имамичогайға 2:4 есебімен жол берді.
  • Қола жүлде үшін белдесу: үндістандық Сагар Жагланды 5:0 есебімен ұтты.
Бұл туралы не ойлайсыз?