Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Азиада жарысының соңғы күні алдында жеті медаль алды

Жапонияда 3 қазанда ұлттық құрама қоржынына үш күміс және төрт қола медаль түсті. 

Қазақстан Азиада жарысының соңғы күні алдында жеті медаль алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан дзюдо мен су добынан финалда өнер көрсетті

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста күміс жүлдегер атанды. Финалда қазақстандықтар Жапонияға 0:4 есебімен есе жіберді. Бұған дейін ұлттық команда Қырғызстанды — 4:2, Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңген.

Су добынан ерлер құрамасы да жарысты күміс медальмен аяқтады. Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарына 7:24 есебімен жол берді.

Джиу-джитсудан екі жүлде бұйырды

Мерей Қабдоллаев 85 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, күміс медаль иеленді. Ол алтын үшін белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Нададан 0:7 есебімен жеңілді.

Ал Мариана Журавлева 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алды. Қазақстандық джитсер үшінші орынға таласта иорданиялық Майя Исхакатты 2:0 есебімен ұтты.

Қайпанов пен Райымова қола медаль жеңіп алды

Еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов 74 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке енді. Қола медаль үшін белдесуде ол үндістандық Сагар Джагланды 5:0 есебімен жеңіп, қарсыласына ұпай бермеді.

Әйелдер күресінде Нилуфар Райымова 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол Шри-Ланкадан келген Нетми Ахинса Фернандоны 13:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Көркем гимнасшылар үздік үштікке кірді

Қазақстандық гимнасшылар топтық көпсайыста 51,550 ұпай жинап, үшінші орын алды. Ұлттық команда Қытай мен Жапония құрамаларына ғана жол берді.

Қола жүлдені Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская жеңіп алды.

Қазақстан медаль кестесінде нешінші орында?

3 қазанның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы медаль есебінде сегізінші орында тұр. Ұлттық команда еншісінде 84 жүлде бар:

  • 12 алтын;
  • 24 күміс;
  • 48 қола.

Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?