Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Хамзат Чимаев желтоқсанда чемпиондық титулын қорғайды

Оның қарсыласы UFC-дің бұрынғы чемпионы Рашад Эванс болады.

Хамзат Чимаев желтоқсанда чемпиондық титулын қорғайды
mma.metaratings.ru

БАӘ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды.

Оның қарсыласы UFC-дің бұрынғы чемпионы Рашад Эванс болады. Титулдық белдесу 19 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Лонг-Айлендте өтетін RAF 16 турнирінің басты оқиғасына айналады.

Қазақстан уақытымен кездесу 20 желтоқсан күні таңертең өтеді.

Чимаев RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы қазіргі чемпионы ретінде кілемге шығады. Бұл оның ұйымдағы чемпиондық атағын алғаш рет қорғауы болмақ. Ал Эванс RAF аясында алғаш рет өнер көрсетеді.

Чимаев Вайдманды 9:0 есебімен жеңген

Хамзат Чимаев RAF кілеміне соңғы рет 14 қарашадан 15 қарашаға қараған түні Абу-Дабиде шықты. Сол кезде ол америкалық Крис Вайдманмен титулдық белдесу өткізіп, қарсыласын 9:0 есебімен сенімді жеңді.

Осы нәтиженің арқасында Чимаев RAF лигасының чемпионы атанды.

Қарсыласы – UFC-дің бұрынғы чемпионы

47 жастағы Рашад Эванс – UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы. Ол сонымен қатар UFC Даңқ залының мүшесі. Америкалық спортшы аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабын аяқтағанымен, жекпе-жек спорты әлеміндегі танымал тұлғалардың бірі болып қала береді.

RAF 16 турнирінде Эванс ұйымдағы алғашқы белдесуін өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?