Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық төрт боксшы әлемдік рейтингтің көшін бастады

Тағы бірнеше қазақстандық былғары қолғап шебері өз салмақ дәрежесінде үздік үштік пен алғашқы ондықтан көрінді.

Қазақстандық төрт боксшы әлемдік рейтингтің көшін бастады
olympic.kz

Қазақстан құрамасының бірден төрт өкілі World Boxing халықаралық федерациясының жаңартылған әлемдік рейтингінде көш бастады.

Тағы бірнеше қазақстандық былғары қолғап шебері өз салмақ дәрежесінде үздік үштік пен алғашқы ондықтан көрінді.

Төрт боксшы әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды

World Boxing рейтингінде бірінші орынға көтерілген қазақстандықтар:

Әлемдік рейтингте тағы төрт отандасымыз өз салмақ дәрежесінде екінші сатыға орналасты: 

  • Назым Қызайбай — 48 келіге дейін;
  • Махмұд Сабырхан — 55 келіге дейін;
  • Алуа Балқыбекова — 51 келіге дейін;
  • Аида Әбікеева — 65 келіге дейін.

Ал Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақта, Дина Исламбекова 80 келіден жоғары салмақта үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылардың тағы бір тобы World Boxing рейтингінің алғашқы ондығынан орын алды.

Сабыржан Аққалықов 75 келіге дейінгі салмақта төртінші орынға, Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта төртінші сатыға, ал Надежда Рябец те 80 келіге дейінгі салмақта төртінші орынға жайғасты.

Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақта алтыншы, Виктория Графеева осы салмақта алтыншы, Елдана Талипова 80 келіден жоғары салмақта жетінші орында тұр.

Ертуған Зейнуллинов 65 келіге дейінгі салмақта тоғызыншы, Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта тоғызыншы, Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақта тоғызыншы, Бақыт Сейдиш 70 келіге дейінгі салмақта оныншы орын алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?