Астанада ауыр атлетикадан алғашқы ел чемпиондары анықталды
Әзірге төрт салмақ дәрежесі бойынша ел біріншілігінің жүлдегерлері белгілі.
Астанада ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.
Әйелдер арасында
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды Жамбыл облысының өкілі Айнұр Әбдіқалықова иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 144 келі көтерді. Жұлқа көтеруде 64 келі, серпе көтеруде 80 келі.
Күміс жүлде Қостанай облысының спортшысы Ирина Чумакқа бұйырды. Оның нәтижесі — 130 келі (55+75).
Үздік үштікті Қызылорда облысының өкілі Фатима Төребаева түйіндеді — 127 келі (56+71).
53 келіге дейінгі салмақта Жетісу облысының атлеті Айгерім Ауылбек чемпион атанды. Оның жалпы нәтижесі — 163 келі (73+90).
Екінші орынға Қостанай облысының спортшысы Виктория Мурашкина жайғасты — 149 келі (69+80).
Қола медаль Қарағанды облысының өкілі Олеся Теренюкке бұйырды — 140 келі (61+79).
Ерлер арасында
60 келіге дейінгі салмақта Батыс Қазақстан облысының өкілі Өтепберген Әлиев алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыста 264 келі көтерді — 123 келі жұлқа және 141 келі серпе көтерді.
Күміс жүлдені Алматы облысының спортшысы Алексей Дроздов иеленді — 253 келі (115+138).
Үшінші орынға Қызылорда облысының өкілі Азамат Төлеген шықты — 246 келі (110+136).
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысының зілтеміршісі Мұхаммедали Қойшыбек үздік нәтиже көрсетті. Ол жалпы 258 келі көтерді — 108 келі жұлқа және 150 келі серпе көтеру.
Қостанай облысының өкілі Никита Журавлев 254 келімен (119+135) екінші орын алды.
Қола жүлде Жетісу облысының спортшысы Абылай Анамбайға бұйырды — 252 келі (111+141).