Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жүлдесіз қалды, бірақ рекорд орнатты: Айсұлу Сүлейменова Азияда тарихи нәтиже тіркеді

Қазақстандық спортшы 100 метрге жүгіруден қашықтықты 16,18 секундта бағындырды.

Жүлдесіз қалды, бірақ рекорд орнатты: Айсұлу Сүлейменова Азияда тарихи нәтиже тіркеді
inform.kz

Қазақстандық параатлет Айсұлу Сүлейменова Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында 100 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 16,18 секундта бағындырды.

Біріккен финалда бесінші орын алды

Сүлейменова T62 санатында өнер көрсетеді. Бұл санат екі аяғында зақымдануы бар және арнайы жүгіру протездерін қолданатын спортшыларға арналған. Алайда бұл категорияда қарсыластар болмағандықтан, қазақстандық спортшы T64 санатының өкілдерімен бірге жарыс жолына шықты. Бұл санатта бір аяғында зақымдануы бар спортшылар сынға түседі.

Біріккен финалда Айсұлу Сүлейменова бесінші орын алды.

Нәтижесі Азия рекорды ретінде тіркелді

Жүлделі орынға іліне алмағанымен, Сүлейменованың 16,18 секундтық нәтижесі T62 санаты бойынша жаңа Азия рекорды ретінде тіркелді.
Осылайша, қазақстандық параатлет құрлықтық рекордтың жаңа иегері атанды.

Қазақстанның жүлде саны 37-ге жетті

Турнирдің бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының жалпы жүлде саны 37-ге жетті.

Оның ішінде:

  • 10 алтын;
  • 11 күміс;
  • 16 қола медаль бар.

Бұған дейін қазақстандық паражеңіл атлеттер Дастан Мұқашбеков пен Иван Зелезняк та V Азия Пара ойындарының жүлдегерлері атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?