Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық мергендер Шымкенттегі Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық мергендер Шымкенттегі Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды
olympic.kz

Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Осы жарыста Қазақстан құрамасы төрт жүлдеге ие болды.

Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Кирилл Цуканов үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшы 244,4 ұпай жинап, жарыстың алтын медалін иеленді.

Ал әйелдер арасындағы дәл осы бағдарламада Ирина Юнусметова топ жарды. Ол финалда 242,5 ұпай жинап, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Жасөспірімдер де жүлдесіз қалмады

Қыздар арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен атуда Алиса Краденова 232,1 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

Ал ұлдар арасындағы сайыста Руслан Ершов 213,9 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?