Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Астана" футболшысына Италия клубы көз тікті

"Удинезе" қаңтар айында орталық алаңға жаңа футболшы іздеуге кірісуі мүмкін.

"Астана" футболшысына Италия клубы көз тікті
NUR.KZ

"Астана" сапында өнер көрсететін босниялық жартылай қорғаушы Иван Башич Италияның А Сериясындағы "Удинезенің" назарына ілікті.

Италиялық Tuttoudinese.it басылымының мәліметінше, "Удинезе" алдағы трансферлік кезең алдында орталық алаңды күшейтудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.

Башичті әмбебаптығы үшін бағалап отыр

24 жастағы футболшының басты артықшылықтарының бірі – бірнеше позицияда ойнай алуы. 

Италиялық басылым оның осы әмбебаптығына "Удинезе" скауттары назар аударғанын жазады. Мәлімет бойынша, "Удинезе" қаңтар айында орталық алаңға жаңа футболшы іздеуге кірісуі мүмкін. Алайда әзірге Иван Башичтің трансферіне қатысты ресми ұсыныс жасалғаны туралы ақпарат жоқ.

Башич Босния және Герцеговина құрамасына да шақырылады

Босниялық жартылай қорғаушы қазіргі уақытта "Астана" сапында өнер көрсетеді және Босния және Герцеговина ұлттық құрамасына да шақырылып жүр.

Ал "Удинезе" Италияның Удине қаласының атынан шығып, ел чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?