Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Шахтер" чемпиондық маусымның соңғы матчында жеңіліске ұшырады

Қарағандылық "Шахтер" Бірінші лиганың 26-туры аясында өз алаңында алматылық "Қайрат-Жастардан" 3:2 есебімен жеңілді.

"Шахтер" чемпиондық маусымның соңғы матчында жеңіліске ұшырады
"Шахтер" ФК

Қарағандылық клуб маусымды чемпион ретінде аяқтағанымен, соңғы кездесуінде ұпайға ие болмады. Қарағандыдағы "Шахтер" стадионының қосалқы алаңында өткен кездесуде есепті қонақтар ерте ашып, Абылай Жылқайдар матчтың 5-минутында гол соқты. Бірінші тайм аяқталар тұста, 45-минутта Абылай Төлеухан алматылықтардың басымдығын арттырды.

"Шахтер" сапынан Артем Литош 37-минутта, Андрей Ульшин 79-минутта мергендік танытты. Алайда 83-минутта Мұстафа Шен "Қайрат-Жастарға" жеңіс сыйлаған голды соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

"Шахтер" Бірінші лиганың чемпионы атанды

Маусым қорытындысы бойынша "Шахтер" 65 ұпай жинап, Бірінші лига турнирлік кестесінде бірінші орынға ие болды. Осы нәтижесінің арқасында қарағандылық команда келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді.

Ал "Қайрат-Жастар" 63 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Дегенмен алматылық ұжым жоғары дивизионға көтеріле алмайды. Қазақстан футбол федерациясының регламентіне сәйкес, ҚПЛ клубтарының фарм-командалары мен жастар құрамалары елдің жоғарғы дивизионында ойнауға құқылы емес. Осылайша, "Шахтер" соңғы турда жеңілгеніне қарамастан, Бірінші лигадағы чемпиондық атағын сақтап, Премьер-лигаға қайта оралу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?