Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстанның Бірінші лигасы аяқталды

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигасында 2026 жылғы маусым өз мәресіне жетті.

Қазақстанның Бірінші лигасы аяқталды
instagram/@shakhterfc

"Шахтер" мен "Тұран" Премьер-лигаға оралды

Бірінші лиганың биылғы маусымында "Шахтер" үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Қарағандылық команда Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын жолдама алып үлгерген.

Жоғары дивизионға көтерілген екінші ұжым – "Тұран" клубы. Түркістандықтар чемпионатты үшінші орынмен аяқтаса да, келесі маусымда ҚПЛ-да өнер көрсету құқығына ие болды.

Ал турнир кестесінде екінші орын алған "Қайрат-Жастар" командасы Премьер-лигаға көтеріле алмайды. Себебі Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) регламентіне сәйкес негізгі клубтың фарм-командасына жоғары дивизионда ойнауға рұқсат берілмейді.

Бірінші лиганың 26-туры: барлық матчтың нәтижесі

Маусымның шешуші турында жеті кездесу өтіп, жанкүйерлер бірнеше нәтижелі ойынның куәсі болды.

"Елімай М" – "Тобыл М" – 2:3
"Академия Оңтүстік" – "Тұран" – 0:2
"Шахтер" – "Қайрат-Жастар" – 2:3
"Ақтөбе М" – "Астана М" – 3:6
"Жайық" – "Арыс" – 1:2
"Каспий М" – "Хан-Тәңірі" – 2:3
"Батыр" – "Тараз" – 2:3

Турдағы ең нәтижелі матч "Ақтөбе М" мен "Астана М" командалары арасында өтті. Тоғыз гол соғылған кездесуде елордалық ұжым 6:3 есебімен басым түсті.

Ал чемпион атанған "Шахтер" соңғы ойынында "Қайрат-Жастарға" 2:3 есебімен есе жіберді. Дегенмен бұл нәтиже қарағандылықтардың турнирдегі бірінші орнына әсер еткен жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?