"Жеңіс" бас бапкерсіз қалды
Астаналық "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері Владимир Слишковичтің командадан кеткені белгілі болды.
"Жеңіспен" қоштасты
Ресейлік инсайдер Анар Ибрагимов өзінің Telegram арнасында астаналық клубтың бапкерлер штабындағы өзгеріс туралы ақпарат жариялады.
Оның мәліметінше, бұған дейін мәскеулік "Спартак" пен "Оренбург" командаларын жаттықтырған Владимир Слишкович бүгін "Жеңіс" футболшыларымен қоштасқан.
"Слишкович" Жеңістен, кетті. Мендегі ақпарат бойынша бүгін "Спартак" пен "Оренбургтың" бұрынғы бапкері қазақстандық командамен қоштасты. Владимир жеке жағдайына байланысты Қазақстаннан кетіп қалды. Босниялық маман мен оның отбасына амандық тілеймін", – деп жазды Ибрагимов.
Бас бапкер кім болады?
Владимир Слишкович астаналық клубтың тізгінін 2026 жылдың тамыз айында қолға алды. Дегенмен босниялық маманның Қазақстандағы қызметі ұзаққа созылмады.
Бұған дейін инсайдер Елдар Аманбаев украиналық жаттықтырушы Андрей Демченконың Қазақстанға келгенін хабарлаған еді. Оның айтуынша, Демченко "Жеңіс" клубының басшылығымен келіссөз жүргізу үшін арнайы ұшып келген.
Әзірге астаналық клуб Слишковичтің қызметінен кеткенін және жаңа бас бапкердің тағайындалатынын ресми түрде растаған жоқ.