Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ғалымжан Кенжебек жарақат алды

"Ахмат" келесі кездесуін 23 қазанда өз алаңында өткізеді. 12-турда грозныйлық команда "Оренбургті" қабылдайды.

Ғалымжан Кенжебек жарақат алды
Offside.kz

Грозныйдың "Ахмат" клубында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек жарақатына байланысты командасының соңғы матчына қатыса алмады.

Клубтың бас бапкері Станислав Черчесов қазақстандық футболшының жағдайы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, Кенжебек сіңірін созып алған.

"Ғалымжан Кенжебекке қалпына келу үшін екі-үш күн қажет. Ол сіңірін созып алды", – деді маман.

"Зенитке" қарсы матчты өткізіп алды

Кенжебек 18 қазанда өткен Ресей Премьер-лигасының 11-туры аясындағы "Зенитке" қарсы кездесуге "Ахматтың" өтініміне енген жоқ.

Матч 2:3 есебімен грозныйлық клубтың жеңілісімен аяқталды.

"Ахмат" келесі кездесуін 23 қазанда өз алаңында өткізеді. Ресей чемпионатының 12-туры аясында грозныйлық команда "Оренбургті" қабылдайды.

Кенжебектің осы матчқа қатысу-қатыспауы оның алдағы бірнеше күндегі жағдайына байланысты болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?