Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Асаубаева Будапешттегі супертурнирдің басты сенсациялары қатарына енді

Бибісара Асаубаева Total Chess супертурнирінің топтық кезеңінде ерекше көзге түскен бес ойыншының бірі атанды.

Асаубаева Будапешттегі супертурнирдің басты сенсациялары қатарына енді
zakon.kz

Асаубаева өз рейтингінен жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы D тобында өнер көрсетті. Жеке рейтингі 2532 болған Асаубаеваның турнирдегі перформансы 2604 ұпайға жетті. Бұл көрсеткіш шахматшының осы жарыстағы ойын деңгейін сипаттайды.

Топтық кезеңде Бибісара үндістандық гроссмейстер Арджун Эригайсиді жеңіп, франциялық Максим Вашье-Лагравпен тең түсті. Сонымен қатар америкалық Ханс Ниманнға лайықты қарсылық көрсетті.

"Бибісара ешбір қарсыласына оңай ойын сыйлаған жоқ!" – деп жазды турнирдің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Келесі қарсыласы – Магнус Карлсен

Асаубаева жарыстың бесінші нокаут-сеткасындағы (Knockout 5) жартылай финалда классикалық шахматтан бұрынғы әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсенмен кездеседі. Бұл кезеңнің ойындары 17–18 қарашаға белгіленген. Ұйымдастырушылар алдағы кездесуді блицтен қазіргі екі әлем чемпионының текетіресі ретінде таныстырды.

Total Chess супертурнирінің финалдық бәсекелері 19–20 қарашада өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?