Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакинаның ерекше образымен желіні жарды

Әдетте ұстамды стилімен танымал қазақстандық теннисші бұл жолы батыл образ таңдаған.

Елена Рыбакинаның ерекше образымен желіні жарды
sportarena.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның жаңа сәнді образы теннис медиасы мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Әдетте ұстамды стилімен танымал қазақстандық теннисші бұл жолы батыл образ таңдаған. Жанкүйерлер арасында оның киімі ерекше назар аудартты.

Tom Ford топтамасындағы образ

Сән тақырыбын жазатын Off-Court Outfit Intrigue парақшасы мен Women's Tennis Blog Рыбакинаның киім үлгісін жіті талдады.

Теннисші Tom Ford брендінің 2026 жылғы күз-қыс топтамасындағы Guanteria былғары мотокүртесін киген. Оның бағасы шамамен 8 690 доллар. Образды сол топтамадағы белдігі бар қарындаш-белдемше толықтырған. Оның құны шамамен 6 950 доллар деп көрсетілген.

Рыбакинаның образында Tom Ford маркасының шамамен 720 доллар тұратын былғары қолғаптары да бар. Қолғаптың сыртынан шынашағына көлемді сақина таққан.

Теннисшінің білегінен швейцариялық тәуелсіз Vanguart мануфактурасының Vanguart Orb моделіндегі сағат байқалады.

Рыбакина маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады

Жаңа образ Елена Рыбакинаның тарихи жетістігіне байланысты жарияланған фотосуреттерден кейін кеңінен талқыланды.

WTA қазақстандық теннисшінің мансабында алғаш рет маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтағанын ресми түрде растады.

Ұйымның Instagram парақшасында 27 жастағы спортшының жыл қорытындысы бойынша рейтинг көшбасшысына табысталатын арнайы трофеймен түскен суреті жарияланды.

2026 жыл Рыбакинаның мансабындағы ең табысты маусым болды

2026 жылы Елена Рыбакина екі "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші Australian Open және US Open чемпиондық атағын иеленді.

Денсаулығына байланысты Индиан-Уэллстегі WTA қорытынды турнирінен бас тартқанына қарамастан, Рыбакина маусымды 8099 ұпаймен бірінші орында аяқтады. Екінші орынға WTA Finals чемпионы Мирра Андреева 7806 ұпаймен жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?