Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мбаппені кемсіткен жанкүйерге түрме жазасы тағайындалды

Оқиға 2025 жылдың 24 тамызында "Овьедо" мен "Реал" арасындағы кездесуде тіркелген.

Мбаппені кемсіткен жанкүйерге түрме жазасы тағайындалды
Vesti.kz

Мадридтік "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппені нәсілдік тұрғыдан қорлаған жанкүйерге қатысты сот үкімі шықты.

Үкімді Астурия провинциялық сотының екінші палатасы шығарды. Сот айыпталушыны өшпенділікке негізделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 айға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Сонымен қатар оған белгілі бір мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынып, айыппұл салынды.

Алайда сотталған азаматқа шарт қойылды. Ол екі жыл бойы ресми футбол матчтарына бармайтын болса, түрме жазасын өтеу уақытша тоқтатылады.

"Реал" істі сотқа жеткізді

Бұл іс бойынша "Реал" клубы жеке айыптаушы тарап ретінде қатысқан. Клуб нәсілшілдікке қарсы күресті жалғастыратынын мәлімдеді.

"Бұл іс бойынша жеке айыптаушы тарап ретінде қатысқан "Реал" клубы, басқа да осындай істердегідей, футбол мен жалпы спорттағы нәсілшілдіктің кез келген көрінісіне қарсы күресуге және оны түбегейлі жоюға бейілді екенін тағы да растайды", – делінген клуб мәлімдемесінде.

Оқиға "Овьедо" – "Реал" матчында болған

Оқиға 2025 жылдың 24 тамызында "Овьедо" мен "Реал" арасындағы кездесуде тіркелген. Матчта мадридтік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу кезінде жанкүйер Килиан Мбаппеге нәсілдік сипаттағы тіл тигізген.

Бұл туралы не ойлайсыз?