Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің үшінші кезеңіне өтті

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңін жеңіспен аяқтады.

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің үшінші кезеңіне өтті
instagram.com/kff_jastar/

19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеуінің екінші кезеңінде Қазақстан А лигасының екінші тобында өнер көрсетті. Соңғы турда Тимур Қасымовтың шәкірттері Косово құрамасымен кездесті.

Матч тағдырын Шахмұрат Дәулетовтің 57-минутта соққан жалғыз голы шешті. Қазақстан құрамасы осы басымдығын ойын соңына дейін сақтап қалды.

Бұған дейін Тимур Қасымов бастаған команда Шотландияға 1:3, ал Бельгияға 0:2 есебімен есе жіберген. Косовоға қарсы жеңіс қазақстандықтарға алғашқы үш ұпайын әкелді.

Үш турдың қорытындысында Қазақстан топта үшінші орынға тұрақтап, А лигасындағы іріктеудің үшінші кезеңіне өтті. Ал Косово бірде-бір ұпай жинай алмады.

Еуро-2027 іріктеуінің келесі кезеңі 2027 жылдың көктемінде өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19