Эсановтың дублi Өзбекстанға Сауд Арабиясын жеңуге көмектесті
Өзбекстан құрамасы Дохада өткен жолдастық кездесуде Сауд Арабиясын 2:1 есебімен ұтты.
Үш гол да бірінші таймда соғылды
Қатар астанасында өткен ойында есепті өзбекстандықтар ашты. Кездесудің 19-минутында Шерзод Эсанов мергендігімен көзге түсті. Бірақ төрт минуттан кейін Сауд Арабиясының шабуылшысы Фирас әл-Бурайкан таразы басын теңестірді.
35-минутта Эсанов екінші голын соғып, Өзбекстанды қайта алға шығарды. Бұл доп матч тағдырын шешті.
Қызыл қағаз саудиялықтардың жағдайын қиындатты
Екінші таймда Сауд Арабиясы құрамасы алаңда он ойыншымен қалды. Қорғаушы Әли Ладжами Аббосбек Файзуллаевқа қарсы дөрекі ойнағаны үшін тікелей қызыл қағаз алды.
Сан басымдығына ие болған Фабио Каннаваро шәкірттері қалған уақытта есепті сақтап, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Өзбекстан үшін бұл қарашадағы ФИФА күнтізбесі аясындағы екінші матч болды. Бұған дейін команда 12 қарашада Ташкентте Ресейден 2:3 есебімен жеңілген еді.
Ал Сауд Арабиясы 13 қарашадағы жолдастық ойында Оңтүстік Кореяны дәл осындай есеппен ұтқан. Екі құрама да осы кездесулер арқылы 2027 жылғы Азия кубогына дайындалып жатыр. Құрлықтық турнир Сауд Арабиясында өтеді.