Рыбакина жылды алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады
Қазақстандық теннисші 2026 жылғы маусымды WTA рейтингінің көшбасшысы ретінде қорытындылады.
WTA Рыбакинаның тарихи жетістігін атап өтті
Қауымдастық Instagram парақшасында 27 жастағы қазақстандық теннисшінің маусымды бірінші орында аяқтағаны үшін берілетін трофеймен түскен суретін жариялады.
"Әлемнің үздігі. Елена Рыбакина мансабында алғаш рет жыл қорытындысы бойынша WTA рейтингінің бірінші ракеткасы атанды!" – делінген ұйымның жазбасында.
Осылайша Рыбакина күнтізбелік жылды әлемдік рейтингтің шыңында аяқтаған Қазақстанның алғашқы теннисшісі болды.
Бір маусымда екі "Үлкен дулыға" титулын жеңіп алды
2026 жыл Рыбакинаның мансабындағы ең табысты маусымға айналды. Қазақстан өкілі "Үлкен дулыға" санатындағы екі жарыста – Australian Open мен US Open турнирлерінде чемпион атанды. Осы жеңістер оның маусым қорытындысында әлемдік рейтингте көш бастауына ықпал етті.
Рыбакина сырқатына байланысты Индиан-Уэллстегі WTA қорытынды турниріне қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Соған қарамастан қазақстандық теннисші 8099 ұпаймен бірінші орнын сақтап қалды. Ал қорытынды жарыста жеңіске жеткен ресейлік Мирра Андреева 7806 ұпай жинады. Екі теннисшінің арасындағы айырма – 293 ұпай.