Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жалақыны кешіктірген клубтар ұпайынан айырылады

Қарызы жоғын растай алмаған клубтан үш ұпай шегеріледі. 

Жалақыны кешіктірген клубтар ұпайынан айырылады
matchtv.ru

Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) ойыншылар мен бапкерлер штабына төлемді кешіктіретін клубтарға қатысты жаңа қаржылық санкцияларды бекітті.

Жаңа ережеге сәйкес, 2028 жылдан бастап қарызы бар командалар чемпионатты минус ұпаймен бастауы мүмкін.

Қарызы жоғын растай алмаған клубтан үш ұпай шегеріледі

Бразилия чемпионаты басталғанға дейін 20 күн бұрын әр клуб Футболды реттеу және тұрақтылық жөніндегі ұлттық агенттікке (ANRESF) ойыншылар мен бапкерлер алдында берешегі жоқ екенін растауы тиіс.

Егер команда тиісті құжаттарды ұсына алмаса, жарыс басталмай тұрып-ақ оның есебінен үш ұпай шегеріледі.

Бұл өзгеріс клубтардың қаржылық тәртібін күшейтіп, футболшылар мен бапкерлер штабы өкілдерінің мүддесін қорғауға бағытталған.

Трансфер ережесіне де өзгеріс енгізілді

CBF отырысында трансфер нарығына қатысты тағы бір маңызды шешім қабылданды.

2027 жылдан бастап футболшының бір клуб сапында қанша матч өткізгеніне байланысты сол дивизиондағы басқа командаға ауысуына қойылатын шектеу жойылады. Яғни ойыншы маусым барысында бұрынғы клубында көп матч өткізген күннің өзінде, сол чемпионаттағы басқа командаға ауыса алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?