Қазақстан құрамасы Азиадада ірі есеппен жеңілсе де, жүлдеге ілікті
Қазақстан су добынан Азия ойындары-2026 финалында Жапониядан жеңіліп, күміс алды.
Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында су добынан күміс жүлдеге ие болды.
Финалда қазақстандық ватерполшылар жарыс қожайыны Жапония құрамасымен кездесіп, 7:24 есебімен жеңіліп қалды.
- бірінші кезең – 0:5;
- екінші кезең – 2:8;
- үшінші кезең – 2:5;
- төртінші кезең – 3:6.
Қазақстан финалға қалай жетті?
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Қытайды өте тартысты ойында 11:10 есебімен жеңген.
Ал ширек финалда Оңтүстік Кореядан 18:14 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының шешуші матчына дейін жетіп, ел қоржынына тағы бір күміс медаль қосты.
Қазақстан қоржынында 82 медаль
Су добындағы күмістен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 12 алтын, 24 күміс және 46 қола медаль бар.
Жалпы жүлде саны – 82.
Бұл туралы не ойлайсыз?