Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дзюдошылар Азиаданың командалық турнирінде күміс жүлде алды

Қазақстандық дзюдошылар Азиат ойындарының командалық сайысында финалға шығып, Жапония құрамасына есе жіберді.

Дзюдошылар Азиаданың командалық турнирінде күміс жүлде алды
instagram/@kaz_judoteam

Финалдағы белдесулер қалай өтті?

Алғашқы белдесуде 73 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев Тацуки Исихараға жол берді. Одан кейін 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ажар Асхат Утана Тэрададан жеңілді.

Үшінші кездесуде Айдар Арапов (90 келіге дейін) Хидетоши Токумочиден басым түсе алмады. Ал 70 келіден жоғары салмақтағы Аида Тойшыбекова Мики Муконокиге иппонмен ұтылды.

Осылайша Жапония құрамасы төрт белдесуде жеңіске жетіп, командалық турнирдің алтын жүлдесін иеленді. Қазақстан құрамасы жарысты күміс медальмен аяқтады.

Қазақстан финалға қалай жетті?

Қазақстандық дзюдошылар финалға дейін екі қарсыласын жеңді. 

Ширек финалда Қырғызстан құрамасынан 4:2 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореямен тартысты кездесуде 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Азиада-2026 Жапонияның Айти өңірі мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. 19 қыркүйекте басталған жарыс 4 қазанда аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?