Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ризабек Айтмұханға Азиада медалі бұйырмады

Отандасымыз ширек финалда Жапония өкілі Араш Ёсидадан 1:11 есебімен жеңілді.

Ризабек Айтмұханға Азиада медалі бұйырмады
olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізе алмады.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан ширек финалда Жапония өкілі Араш Ёсидадан 1:11 есебімен жеңілді.

Жұбаныш белдесуіне де шыға алмады

Айтмұхан үшін медальға таласу мүмкіндігі толық жоғалмаған еді. Егер Ёсида финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу құқығын алатын.
Алайда жапониялық спортшы жартылай финалда Иран өкілі Амирали Азарпираға 3:4 есебімен есе жіберді.

Осы нәтижеден кейін Ризабек Айтмұхан жұбаныш белдесуіне өте алмай, Азия ойындарын медальсыз аяқтады.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?