Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында ресейлік балуанға есе жіберді.

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Ресейліктен айласын асыра алмады

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрқожа Қайпанов алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде ресейлік Иналбек Шериевпен күш сынасты. Тартысты белдесуде қарсыласы басымдық танытып, қазақстандықты 10:4 есебімен жеңді. Нәтижесінде Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтап, әлем біріншілігінің кезекті күміс жүлдесін иемденді. 

Қазақстандық балуан әлем чемпионатындағы өнерін сенімді бастады. Ол финалға жеткенше төрт қарсыласын тізе бүктірді.

1/16 финал: Эгзон Джони (Косово) — 10:0;
1/8 финал: Туран Байрамов (Әзербайжан) — 4:0;
Ширек финал: Виктор Рассадин (Тәжікстан) — 11:0;
Жартылай финал: Ёсиносукэ Аояги (Жапония) — 3:1.

Осылайша Қайпанов финалға дейінгі төрт белдесуде қарсыластарына небәрі бір ұпай берді.

Әлем чемпионаттарындағы жетістіктері

Нұрқожа Қайпанов бұған дейін де халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап келген.

Ол 2024 жылы әлем чемпионы атанса, 2019 жылы күміс, ал 2025 жылы қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар қазақстандық балуан – Азияның үш дүркін чемпионы және 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?