Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бәрін соңғы әдіс шешті: қазақстандық балуан ӘЧ-мен қоштасты

Еркін күрес шебері Мейрамбек Қартбай Астанадағы әлем чемпионатында жұбаныш белдесуінде жеңіліп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Бәрін соңғы әдіс шешті: қазақстандық балуан ӘЧ-мен қоштасты
NUR.kz

Алты ұпай айырмасын жойып, алға шықты

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қартбай жұбаныш кездесуінде моңғолиялық Монх-Эрдэнэ Банхуйягпен күресті. Белдесудің басында қазақстандық балуан 0:6 есебімен ұтылып жатты. Бірақ Мейрамбек кездесу барысын өзгертіп, қатарынан сегіз ұпай еншіледі де, 8:6 есебімен алға шықты.

Жеңіске жақын тұрған сәтте қарсыласы нәтижелі шабуыл жасады. Соңғы секундтарда Банхуйягтың әдісі төрт ұпайға бағаланып, кездесу 8:10 есебімен аяқталды. Осылайша Қартбай әлем чемпионатындағы өнерін тәмамдады.

Мейрамбек алғашқы белдесуінде, 1/16 финалда мексикалық Роман Гильермо Бравоға есе жіберген. Қарсыласы финалға шыққандықтан, қазақстандық бозкілем шебері жұбаныш кезеңіне өтіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бірақ бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

Нұрқожа Қайпанов алтын үшін күреседі

Бүгін 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалға шығады. Оның қарсыласы – ресейлік Инал Шериев.

Қайпанов бұған дейін әлем чемпионаттарында жүлденің барлық түрін иеленген: 2024 жылы чемпион атанса, 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?