Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

UFC-дің бұрынғы файтері екі минутта алты қарсыласын жеңді

Өзбекстандық танымал ММА шебері, UFC ұйымының бұрынғы файтері Махмуд Мурадов Чехияда өткен ерекше жекпе-жекте алты қарсыласын қатарынан жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырды.

UFC-дің бұрынғы файтері екі минутта алты қарсыласын жеңді
fight.ru

Алты қарсыласын қалай жеңді?

Ерекше кездесу Чехияның G MMA 1: Samhain турнирі аясында ұйымдастырылды. Бұл жолы өзбекстандық файтер октагонға бір емес, бірден алты қарсыласқа қарсы шығуға келісті.

Мурадовтың қарсыластары жергілікті Котлар отбасының өкілдері болды. Олардың арасында шоумендер мен поп-ММА бағытында өнер көрсететіндер бар.

Жекпе-жек әдеттегіден өзгеше форматта өтті. Қарсыластар октагонға бір мезетте емес, кезек-кезек шықты. Бір файтер жеңілгеннен кейін оның орнына келесісі кіріп отырды. Нәтижесінде тәжірибелі Мурадов барлық алты қарсыласын мерзімінен бұрын жеңу үшін небәрі екі минуттан сәл астам уақыт жұмсады.

Махмуд Мурадовтың алты қарсыласымен өткізген айқасының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Мурадовтың UFC-дегі жетістіктері

Айта кетейік, Махмуд Мурадов – әлемдегі ең беделді ММА ұйымдарының бірі UFC-де өнер көрсеткен тәжірибелі файтер. Ол 2019–2024 жылдар аралығында UFC аясында жеті кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жеткен. Екі жекпе-жекте жеңіліп, тағы бір айқасы өтпеген деп танылған.

Ал кәсіби ММА-дағы жалпы көрсеткіші – 30 жеңіс және 8 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?