Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан чемпионатында алтынға таласатын 20 боксшы анықталды

Таразда Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы финалға шыққан боксшылардың есімдері белгілі болды.

Қазақстан чемпионатында алтынға таласатын 20 боксшы анықталды
vesti.kz

Финалдық жекпе-жектер қашан өтеді?

Әйелдер арасындағы шешуші кездесулер 6 қарашада өтеді. Елдің әр өңірінен келген былғары қолғап шеберлері алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.

Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасының тәжірибелі өкілдерімен қатар, ұлттық біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар да жолдама алды.

 Финалда кімдер кездеседі?

2026 жылғы Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық жұптары төмендегідей:

  • 48 келі: Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы).
  • 51 келі: Анита Әдішева (Қарағанды облысы) – Жансая Рахымберді (Шымкент).
  • 54 келі: Назым Қызайбай (Алматы) – Элина Базарова (Шымкент).
  • 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Шахназ Исаева (Алматы).
  • 60 келі: Виктория Графеева (Алматы) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы).
  • 65 келі: Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) – Лаура Есенгелді (Шымкент).
  • 70 келі: Бақыт Сейдиш (Алматы) – Аружан Жанабаева (Түркістан облысы).
  • 75 келі: Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) – Әзиза Исина (Қарағанды облысы).
  • 80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы).
  • 80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Алматы) – Дина Исламбекова (Қарағанды облысы).

Назым Қызайбай да алтын медальға таласады

Финалдық кездесулердің бірі 54 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл сында қазақстандық танымал боксшы Назым Қызайбай Шымкент өкілі Элина Базаровамен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Сонымен қатар Виктория Графеева, Аида Әбікеева және басқа да финалистер өз салмақтарында ел біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алуға мүмкіндік алды.

Еске салайық, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады.

Биылғы ұлттық біріншілікте барлығы 20 салмақ дәрежесі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Оның оны ерлерге, қалған оны әйелдерге тиесілі.

Бұл туралы не ойлайсыз?