Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпазы жекпе-жексіз анықталды
Бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері 6 қарашада өтеді.
Бокстан Таразда өтіп жатқан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы алғашқы чемпион белгілі болды.
Қостанай облысының өкілі Надежда Рябец 80 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жексіз алтын медаль иеленді.
Финал қарсыласының жарақатына байланысты өтпеді
Шешуші кездесуде Рябец Қарағанды облысының өкілі Айдана Убайдуллақызымен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Айдана жарақатына байланысты финалдық айқастан бас тартты. Соның нәтижесінде жекпе-жек өткізілмей, чемпиондық атақ Надежда Рябецке берілді.
Ал Айдана Ұбайдуллақызы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері 6 қарашада өтеді.
Жарыста жалпы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Оның оны ерлер, тағы оны әйелдер арасында ойнатылады.