Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

5:0: Сағындық Тоғамбай Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды

90 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші жекпе-жекте ол Ақтөбе облысының боксшысы Дәулет Төлемісовпен кездескен еді.

5:0: Сағындық Тоғамбай Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды
olympic.kz

Түркістан облысының өкілі Сағындық Тоғамбай бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады.

90 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші жекпе-жекте ол Ақтөбе облысының боксшысы Дәулет Төлемісовпен кездескен еді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Дәулет Төлемісовке берді.
Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Төлемісов 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанса, Сағындық Тоғамбай күміс жүлдеге ие болды.

 Тоғамбай былтыр осы салмақта чемпион болған

Сағындық Тоғамбай 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Оның халықаралық аренада да жүлделері бар. Тоғамбай 2024 жылғы Азия чемпионы**, сондай-ақ **2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Төлемісов те ел чемпионы болған

Дәулет Төлемісов бұған дейін де Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен. 2025 жылы ол 85 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанды.

Сонымен қатар Төлемісов Қазақстан құрамасы сапында халықаралық жарыстарға қатысқан. Биыл сәуірде өткен World Boxing әлем кубогының кезеңінде ол 1/8 финалда жарыстан шығып қалған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?