Жалған салмақ пен дуэль: Жалғас Жұмағұлов Бено Адамиямен көз арбасты (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен грузиялық спортшы Бено Адамия титулдық айқас алдында көз арбасу рәсімін өткізді.
OKTAGON 73: Жұмағұлов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады
Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жалғас Жұмағұлов (17 жеңіс, 9 жеңіліс) Гамбург қаласындағы OKTAGON 73 турнирі аясында жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы — грузиялық спортшы Бено Адамия (12 жеңіс, 8 жеңіліс, 2 тең матч).
Бұл кездесу OKTAGON лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне арналмақ. Бірақ бір қызығы — бұл айқас тек Жалғас Жұмағұлов үшін титулдық саналады. Себебі Бено Адамия салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай чемпиондық атағынан айырылды. Оның салмағы 57,6 келі болса, рұқсат етілген шектеу — 57 келі. Ал Жалғас Жұмағұлов 56,7 келі көрсетіп, барлық талапты орындады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.