Бокстан Өзбекстан құрамасы Астанаға аттанды (ВИДЕО)
Әйелдер құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Астанада өтетін World Boxing әлем кубогы кезеңіне жол тартты.
Instagram/@boxinguzbekistan_official
Өзбекстан құрамасы Түркиядағы бірлескен дайындық жиынын тәмамдап, Астанаға ұшып кетті. Команда 1–6 шілде аралығында өтетін World Boxing ұйымының әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды.
Бокс федерациясы қатысуды ресми түрде растады
"Біздің қыздар Түркияда жоғары деңгейде дайындық өткізді. Енді оларды Астанада әлемдік дода күтіп тұр", — деді бас бапкер Эльшод Расулов.
Алдағы қарсыластар
Қатысушы елдер тізімі толық жарияланбағанымен қазақстандық және өзге де көшбасшы командалар сақадай сай. Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов "өзбек боксшылары турнирден бас тартты" деген мәлімдеме жасаған еді. Алайда Өзбекстан федерациясы бұл сөзді жоққа шығарды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet