Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Назым Қызайбай: "Кәсіпқой боксқа өтуге дайынмын"

Редактор Penalty.kz
27.06.2025, 20:58

Әйелдер арасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа өтуге дайын екенін мәлімдеді.

orda.kz
orda.kz

"Кәсіпқой бокста өзімді сынағым келеді" 

— Сіз кәсіпқой бокста өнер көрсету туралы айтқан едіңіз. Бұл ойыңыз әлі де бар ма?

— Иә, бұл маған өте қызық. Өзімді кәсіпқой рингте сынап көргім келеді. Қазір байқаған боларсыз, әуесқойлар арасында кәсіпқой бокста жұдырықтасып жүргендер көп. Егер жақсы ұсыныстар түсіп жатса, неге байқап көрмеске? Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болмақ. Сондықтан болашақта шынайы әрі лайықты ұсыныстар болса, дайынмын.

Басты мақсат — әлем чемпионаты еді

Назым кәсіпқой боксқа өту туралы ұсыныстардың бұрын да болғанын айтты. Алайда ол кезде басты мақсат — 2025 жылғы әлем чемпионаты болған.

— Әлем чемпионатына дейін ұсыныстар болды. Бірақ мен үшін басты мақсат — үшінші мәрте әлем чемпионы атану еді. Уақытым тығыз болды, сондықтан кәсіпқой боксқа ауысу туралы ойлаған жоқпын. Бар назарымды чемпионатқа бағыттадым. Мақсатым айқын болды, — дейді Қызайбай.

Федерация келісімі мен бапкерлердің қолдауы маңызды

Кәсіпқой бокста жұдырықтасу үшін Назым Қызайбай Қазақстан бокс федерациясының, ұлттық құраманың бас бапкері мен жеке бапкерінің келісімін алатынын атап өтті.

— Егер жақсы ұсыныстар түссе, алдымен Федерация басшысының және ұлттық құраманың бас бапкерінің рұқсатын сұраймын. Жеке бапкерім де бұл идеяны қолдап отыр. Олимпиадаға дейін біраз уақыт бар. Осы уақыт ішінде кәсіпқой рингте өзімді көрсетіп үлгеремін деп ойлаймын, — деді ол.

Үш дүркін әлем чемпионы

Назым Қызайбай биыл Сербияның Ниш қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында және 2016 жылы Астанада өткен әлем чемпионаттарында да алтын алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір