Қуат Хамитов "Атаманмен" жұдырықтасады
Қазақстандық танымал ММА шебері Қуат Хамитов (28-8-2) ACA 209 турнирінде ресейлік Алексей "Атаман" Махномен (27-13) кездеседі.
Жекпе-жек Душанбеде өтеді
Хамитов пен Махно арасындағы көптен күткен айқас 30 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбеде ұйымдастырылады. Қос файтер жартылай орта салмақ дәрежесінде күш сынасады.
Қазақстандық файтер ACA лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 2025 жылдың қазанында Дубайда ACA 194 турнирінде өткізген. Ол ресейлік Анатолий Бойкомен үш раунд бойы айқасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Алексей Махно соңғы кездесуінде жеңілген
Алексей Махно октагонға соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында Мәскеудегі ACA 197 турнирінде шықты. Ресейлік файтер румыниялық Аурел Пиртеамен кездесіп, үшінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Нәтижесінде Махно жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.
Қуат Хамитов пен Алексей Махноның айқасын ұйымдастыруға бұған дейін төрт рет әрекет жасалған. Алғашқы кездесу Fight Nights лигасында өтуге тиіс еді.
Кейін файтерлер ACA 194 турнирінде көз арбасу рәсімін өткізіп, жекпе-жекке ауызша келісім берген. Бірақ ACA 197 аясындағы кездесу жүзеге аспады. 2026 жылдың тамызында ACA 206 турнирінде айқастыру жоспары да орындалмады.
Енді ұзақ уақыт талқыланған жекпе-жек 30 қазандағы ACA 209 кешінде түйінделмек.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.