ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қуат Хамитов UFC чемпионы Ислам Махачевке үн қатты

Жуырда ресейлік спортшы UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған болатын. 

Қуат Хамитов UFC чемпионы Ислам Махачевке үн қатты
Offside.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов UFC чемпионы Ислам Махачевтің кезекті жеңісінен кейінгі бейнежазбасына пікір қалдырды. 

Қуат Хамитов Махачевке не жазды?

Жекпе-жектен кейін Ислам Махачев Instagram парақшасында кездесуден түсірілген суретін жариялап:

"Мұра жалғасуда...", – деп жазды.

Оның жазбасына пікір қалдырған Қуат Хамитов ресейлік спортшыны қысқа ғана:

"Жолбарыс", – деп атады.

Осылайша қазақстандық файтер Махачевтің тарихи нәтижесіне құрмет білдірді.

Махачев UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Сонымен қатар ол UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия бойынша жаңа рекорд орнатты.

Ислам Махачев UFC рекордын жаңартты

UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрримен бес раунд толық айқасты. Төрешілер қорытындысы бойынша ресейлік файтер 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Махачев жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық атағын алғаш рет сәтті қорғады. 

Ең бастысы, бұл оның UFC-дегі қатарынан 17-жеңісі болды. Осы көрсеткіш арқылы Махачев қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен Андерсон Силваның рекордын жаңартып, промоушен тарихында жеке-дара көш бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.