ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатындағы жорығын бастады

20 жасқа дейінгі балуандар бәсекесі Словакия астанасы Братиславада өтіп жатыр. 

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатындағы жорығын бастады
olympic.kz

Жарыстың алғашқы күн қорытындысы бойынша грек-рим күресінен екі қазақстандық балуаны жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Еркебұлан Анапия жұбаныш кезеңінде грекиялық Адамантиос Пападатоспен кездеседі.

Ал аса ауыр салмақта, яғни 130 келіге дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Бақтияр Қазиев қытайлық балуан Чэнмао Цуймен белдеседі.

Қазақстандықтар жұбаныш белдесулерінде жеңіске жеткен жағдайда қола жүлде үшін күресті жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.